Бала тілінің ана (қазақ) тілі негізінде ғажайып сөздігін құру мақсатында Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалымдар тобы туылғаннан 6-7 жасқа дейінгі балалардың сөйлеу тілі мысалдарын жинақтау жұмысына кірісті.

     Бұндай сөздікті дайындау бала тілі негізінде ана тілінің (қазақ тілі) тілдік жүйесінің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді. Бізді балалардың сөйлеу тілі мысалдары, яғни жаңашыл сөздік қолданыстары, онымен қоса күнделікті толтыру жазбалары, аудио, бейне материалдар қызықтыруда. Яғни, ана тілінің (қазақ тілі) дамуымен байланысты деректермен байланысты барлық ақпарат.

     Американдық ғалымдардың күш-жігерінің нәтижесінде әлемнің көптеген елдерінен жинақталған бала тілінің халықаралық деректер банкі құрылғаны белгілі.

«Түзеу  педагогикасының  ұлттық-ғылыми  практикалық  орталығы» ММ  2020 жылдың 20-29 қантар аралығында өтетін іс-шаралар туралы хабарлайды. 
2020 жылдың 20-29 қантар аралығында Түзеу  педагогикасының  ұлттық-ғылыми практикалық орталығында арнайы білім беру ұйымдардың емдік дене шышықтыру нұсқаушыларына, дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған «Церебралды сал ауруы бар балалардың қимыл-қозғалыс бұзылымдарын кешенді оңалту» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді. 
     2019 жылдың маусым айының 24-26 аралығында Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының «Қазақ тілінде оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар  балаларға арнайы білім беру» зертханасының аға ғылыми қызметкерлері А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің балалық шақ Институтының баланың сөйлеу тілі зертханасы ұйымдастырған Санкт-Петербург қаласында өткен «Қазіргі таңғы онтолингвистика: мәселелері, әдістері мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысты. Аталмыш халықаралық конференцияға  Беларусь, Вьетнам, Германия, Израиль, Италия, Кипр, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Литва, Нидерланды, Польша, Финляндия, Швеция, Ресей Федерациясының аймақтарынан және басқа елдерден келген 200-ден аса ғалым-зерттеушілер қатысты. Шараның форматы негізінде пленарлық және секциялық мәжілістер, симпозиумдар, «дөңгелек үстелдер», постерлық секциялар жоспарланды.
«Түзеу  педагогикасының  ұлттық-ғылыми  практикалық  орталығы» ММ  2019 жылдың 02-11 желтоқсан аралығында өтетін іс-шаралар туралы хабарлайды. 
2019 жылдың 02-11 желтоқсан аралығында Түзеу  педагогикасының  ұлттық-ғылыми практикалық орталығында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері (ППТК) мен оңалту орталықтарының (ОО) дефектолог-педагогтарына арналған «ППТК және оңалту орталықтары жағдайларында  ерте және мектеп жасына дейінгі зерделік бұзылымдары бар балаларға педагогикалық көмек көрсетудің заманауи тәсілдері» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді. 
Курстың мақсаты: зерделік бұзылымдары бар ерте және мектепке дейінгі балаларға педагогикалық көмек көрсетудің әлемдік үздік педагогикалық тәсілдері негізінде ППТК және ОО дефектолог-педагогтарының кәсіби дамуы.

Сұранымдар

Сайттың жаңа дизайнын бағалаңыз

Өте ұнады
Жаман емес
Қанағаттанарлық, дегенмен ...
Бұдан жақсысын да көргенмін
Мүлдем ұнамады
Нәтижелер

Біздің мекенжайымыз

050008, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы,
И. Байзақов көшесі, 273 "А"

тел. (7 727) 394-43-18
тел./ факс: (7 727) 394-45-17
e-mail: nnpckp@mail.ru
           nnpckp@mail.kz